Құрамы
Бір сықпаның ішінде:
белсенді зат: ацикловир – 0,250 г;
қосымша заттар: тауық майы (құс майының липидті компоненті, ЛИПОКОМП-С), эмульгатор №1, макрогол 400 (полиэтиленоксид-400, полиэтиленгликоль-400), пропиленгликоль, метилпарагидроксибензоат (нипагин, метилпарабен), пропилпарагидроксибензоат (нипазол, пропилпарабен), тазартылған су.
Дозасы
Жақпамайды зақымданған бөліктерге тәулігіне 5–6 рет (инфекция басталғаннан кейін мүмкіндігінше ерте ) бірдей уақыт аралығында жағады.
Қайталанатын инфекцияны емдеуді продромальды кезеңінде немесе инфекция біліне бастағанда ең басында бастау маңызды.
Емді күлбіреуіктің бетінде қабыршық пайда болғанша, немесе олар толығымен жазылғанша жалғастыру қажет.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа.
Емдеу ұзақтығы – кемінде 5 күн, ең көбі 10 күн.