Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – фебуксостат, 80 мг,
қосымша заттар
ядро: лактоза моногидраты, гидроксипропилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза (Avicel PH101), микрокристалды целлюлоза (Avicel PH102), натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, кремнийдің коллоидты гидратталған қостотығы, тазартылған су, (өндіру үдерісінде жойылады);
қабығы: тазартылған су (өндіру үдерісінде жойылады), Opadry II сары, 85F42129: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), макрогол 3350, тальк, темірдің сары тотығы (Е172).
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- галактоза жақпауымен, туа біткен лактаза жеткіліксіздігімен немесе глюкоза/галактоза сіңуінің бұзылуымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер.
Дозасы
Аденурик препаратының ұсынылған дозасы тамақтануға қарамастан тәулігіне 1 рет ішке 80 мг құрайды. Егер сарысудағы несеп қышқылының концентрациясы 2-4 апта емдегеннен кейін 6 мг/дл (357 мкмоль/л) асса, Аденурик препаратының дозасы тәулігіне 1 рет 120 мг-ға дейін жоғарылауы мүмкін.
Аденурик препаратының әсері жеткілікті түрде жылдам басталады, бұл 2 аптадан кейін несеп қышқылының сарысулық концентрациясын қайта анықтауға мүмкіндік береді. Емдеудің мақсаты несеп қышқылының концентрациясын азайту және оны 6 мг/дл (357 мкмоль/л) төмен деңгейде ұстау.
Подагра ұстамасының профилактика ұзақтығы кемінде 6 айды құрайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде препарат дозасын өзгерту керек емес.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Ауыр дәрежеде бүйрек функциясы бұзылған (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) пациенттерде тиімділігі мен қауіпсіздігі толық зерттелмеген.
Бүйрек функциясы жеңіл және орташа дәрежеде бұзылған пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді.
Бауыр функциясының бұзылуы
Бауыр функциясы ауыр дәрежеде бұзылған (Чайлд-Пью бойынша С класы) пациенттерде фебуксостаттың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.
Бауыр функциясы жеңіл дәрежеде бұзылған кезде препараттың ұсынылған дозасы 80 мг құрайды. Бауыр функциясы орташа дәрежеде бұзылу кезіндегі препаратты қолдану тәжірибесі шектеулі.
Педиатриялық бейіндегі пациенттер
Аденурик® 80 препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде анықталмаған. Деректер жоқ.