Құрамы
100 г кремнің құрамында
белсенді зат – 0,1 г метилпреднизолон ацепонаты,
қосымша заттар: децилолеат, 40-55 глицерол моностеараты, цетостеарилді спирт, қатты май, Softisan 378, макрогол стеараты 40 (I типі), глицерол 85 %, динатрий эдетаты, бензил спирті, бутилгидрокситолуол, тазартылған су.
Қолданылуы
- конституциялық экземада (атопиялық дерматитте, нейродермитте)
- вульгарлы экземада
- жанаспалы экземада (аллергиялық, тітіркендіргіш)
- дисгидротикалық экземада
- балалардағы экземада
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді затына немесе кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
- препаратты жағатын аймақтағы туберкулездік немесе мерездік үдерістер
- препаратты жағатын аймақтағы вирустық аурулар (мысалы, желшешек, белдемелі теміреткі)
- препаратты жағатын аймақтағы розацеа, периоральді дерматит, ойық жаралар, безеу бөртпелері, атрофиялық дерматит, вакцинациядан кейінгі тері реакциялары
- бактериялық немесе зеңдік инфекциямен астасқан тері аурулары.
Дозасы
Әдетте, препарат терінің зақымдалған жерлеріне аздап сылау арқылы күніне 1 рет жұқа қабатпен жағылады.
Емдеу ұзақтығы
Әдетте, Адвантан® кремімен емдеу ұзақтығы ересектер үшін 12 аптадан аспауы тиіс.
Бала жасындағы пациенттер
Дозаны түзету талап етілмейді. Әдетте, Адвантан® кремімен балалардағы емдеу ұзақтығы 4 аптадан аспауы тиіс.
Адвантан® кремін 4 айлық жастан кіші балалардағы қолдану қауіпсіздігі анықталмаған.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.