Құрамы
100 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат – 0,1 г метилпреднизолон ацепонаты,
қосымша заттар: араның ақ балауызы, сұйық парафин, Dehymuls Е, ақ жұмсақ парафин, тазартылған су.
Қолданылуы
- конституциялық экзема (атопиялық дерматитте, нейродермитте)
- вульгарлы экземада
- жанаспалы экземада (аллергиялық, тітіркендіргіш)
- дисгидротикалық экземада
- балалардағы экземада
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді затына немесе кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
- препаратты жағатын аймақтағы туберкулездік немесе мерездік үдерістер
- препаратты жағатын аймақтағы вирустық аурулар (мысалы, желшешек, белдемелі теміреткі)
- препаратты жағатын аймақтағы розацеа, периоральді дерматит, ойық жаралар, безеу бөртпелері, атрофиялық дерматит, вакцинациядан кейінгі тері реакциялары
- бактериялық немесе зеңдік инфекциямен астасқан тері аурулары.
Дозасы
Әдетте, препарат терінің зақымдалған жерлеріне аздап сылау арқылы күніне 1 рет жұқа қабатпен жағылады.
Емдеу ұзақтығы
Әдетте, Адвантан® жақпамайымен емдеу ұзақтығы ересектер үшін 12 аптадан аспауы тиіс.
Бала жасындағы пациенттер
Дозаны түзету талап етілмейді. Әдетте, Адвантан® жақпамайымен балалардағы емдеу ұзақтығы 4 аптадан аспауы тиіс.
Адвантан® жақпамайын 4 айлық жастан кіші балалардағы қолдану қауіпсіздігі анықталмаған.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.