Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – аффинді тазартылған простатспецификалық антигенге антиденелер – 0,003 г*.
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты.
*лактоза моногидратына құрамы 10-15 нг/г аспайтын әсер етуші заттың белсенді түрі су-спиртті қоспа түрінде жағылады.
Қолданылуы
Афала ересектерде қолдануға арналған.
қуық асты безінің I және II дәрежелі қатерсіз гиперплазиясы;
бактериялық емес созылмалы простатит – қабынуға қарсы және ауырғанды басатын дәрі ретінде.
қуық асты безінің I және II дәрежелі қатерсіз гиперплазиясымен қатар жүретін дизуриялық бұзылыстар (түндегісін қоса, несеп шығаруға қысылудың жиілеуі, несеп шығарудың қиындауы, шат аймағының ауыруы мен жайсыздығы) және созылмалы бактериялық емес простатит.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық;
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіз);
- лактаза тапшылығы, галактоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Дозасы
Сызығы таблетканы бөліктерге бөлуге арналмаған.
Ішке. Бір қабылдауға 2 таблетка (ауызда толық ерігенге дейін ұстау керек -
тамақтану кезінде емес). Препаратты күніне 2 рет, таңертең және кешке қабылдау керек. Препаратты қабылдаудың ұсынылатын ұзақтығы - 16 апта.
Айқын ауыру синдромында және дизуриялық бұзылуларда емдеудің алғашқы 2-3 аптасында препаратты тәулігіне 4 ретке дейін қабылдау көрсетілген.
Қажет болғанда дәрігердің ұсынымы бойынша 1- 4 айдан соң емнің қайталау курсын жүргізуге болады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.