Құрамы
1 г кремнің құрамында
белсенді зат – алклометазон дипропионаты 0,500 мг,
қосымша заттар: пропиленгликоль, хлорокрезол, натрий дигидрофосфат дигидраты, концентрацияланған фосфор қышқылы, ақ жұмсақ парафин, макрогол цетостеараты, цетостеарил спирті, глицерил стеарат ПЭГ-100 стеараты, натрий гидроксиді, тазартылған су.
Қолданылуы
Афлодерм, сыртқа қолдануға арналған крем, кортикостероидтарды жергілікті қолдануына жауап беретін дерматоздарды емдеуде қолданылады
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімде тізбеленген препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- акне
- тері туберкулезі
- әсіресе қарапайым герпес вирусы туындатқан көптеген вирустық тері инфекциялары
- сиыр шешегі, желшешек
- периоральді дерматит
- розацеа
- терінің зеңдік немесе бактериялық инфекциялары.