Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: парацетамол 0,25 г, аскорбин қышқылы 0,15 г, кальций глюконаты 0,05 г, дифенгидрамин гидрохлориді 0,01 г, рутин 0,01 г
Қосымша заттар: крахмал, аэросил, кальций стеараты.
Қолданылуы
- қызбамен қатар жүретін инфекциялық-қабыну ауруларында (ЖРВИ, тұмау);
- шығу тегі әртүрлі ауыру синдромында (бас, бұлшықет және буын аурулары) қолдану көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- вирустық гепатит;
- қатерсіз гипербилирубинемия (соның ішінде Жильбер синдромы);
- қан аурулары;
- бауыр және бүйрек функцияларының айқын бұзылулары;
- гиперкальциемия;
- саркоидоз;
Дозасы
Дозалану режимі
Ересектер мен 15 жастан асқан балаларға тамақтан кейін 1-2 таблеткадан күніне 3 рет. 6 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға тамақтан кейін күніне 3 рет 1 таблеткадан.
Дәрігердің кеңесінсіз қабылдау ұзақтығы ауыруды басатын дәрі ретінде қолдану кезінде 5 күннен және қызуды түсіретін дәрі ретінде 3 күннен аспауы тиіс.
Пациенттердің ерекше топтары
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде препаратты қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 8 сағатты құрау керек.
Балалар
6 жасқа дейінгі балаларда қолдану қауіпсіздігі анықталмаған.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.