Құрамы
Бір мл ерітінді құрамында
белсенді зат – акридонсіркесу қышқылы 125 мг
қосымша заттар: меглюмин, меглюмин 10 % ерітіндісі (рН түзету үшін), инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Ересектерде кешенді ем құрамында
герпестік және цитомегаловирусты инфекцияда
созылмалы бактериялық және зеңдік инфекциялармен астасқан, салдарлы иммунитет тапшылығында
хламидия инфекциясында
4 жастағы балаларда кешенді ем құрамында
герпестік инфекцияларда.
Дозасы
Ересектерде
Герпестік және цитомегаловирустық инфекцияларда кезінде емдеу курсы 250 мг-ден препараттың 10 инъекциясынан тұрады, инъекциялар аралығы 48 сағат (күнара). Бір реттік доза – 250 мг (1 ампула), курстық доза – 2,5 г құрайды. Ауру басталғанда емдеу едәуір тиімдірек.
Созылмалы бактериялық және зеңдік инфекциялармен астасқан салдарлы иммунитет тапшылығы кезінде емдеу курсы 250 мг-ден препараттың 10 бұлшықетішілік инъекциясынан тұрады, инъекциялар арасындағы аралық 48 сағат (күнара). Бір реттік доза 250 мг (1 ампула), курстық доза 2,5 г құрайды. Қайта емдеу курстары 6–12 айдан кейін жүргізіледі.
Хламидия инфекциясы кезінде емдеу курсы 250 мг-ден препараттың 10 инъекциясынан тұрады, инъекциялар аралығы 48 сағат (күнара). Бір реттік доза 250 мг (1 ампула), курстық доза 2,5 г құрайды. Қайта емдеу курсы 10-14 күннен кейін жүргізіледі. Акридоферон препаратын антибиотиктермен біріктірген жөн.
4 жастан асқан балалар
Бір реттік доза дене салмағының 1 кг-на 6–10 мг құрайды.
– Герпестік инфекция кезінде емдеу курсы препараттың 10 инъекциясынан тұрады, инъекциялар арасындағы аралық 48 сағат (күнара). Вирустың репликациялық белсенділігі сақталған кезде, емдеу демеуші сызба бойынша жалғасады: препаратты төрт апта бойы үш күнде бір рет енгізу.
Енгізу әдісі және жолы
Препарат вена ішіне немесе бұлшықет ішіне қолданылады.