Құрамы
Бір таблетканың құрамында:
белсенді заттар: амлодипин бесилаты, 6.94 мг (5 мг амлодипинге
баламалы), валсартан, 80 мг (5 мг/80 мг доза үшін)
амлодипин бесилаты, 6.94 мг (5 мг амлодипинге баламалы), валсартан, 160 мг (5 мг/160 мг доза үшін)
амлодипин бесилаты, 13.87 (10 мг амлодипинге баламалы), валсартан, 160 мг (10 мг/160 мг доза үшін)
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, кросповидон, А типі, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.
қабықтың құрамы: негізгі жабындық ақ қоспа*, негізгі жабындық сары қоспа** (5 мг/80 мг және 5 мг/160 мг доза үшін), негізгі жабындық ақ қоспа*, негізгі жабындық сары қоспа** және негізгі жабындық қызыл қоспа*** (10 мг/160 мг доза үшін).
* гипромеллоза (гидроксипропилметилцеллюлоза), титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль 4000( макрогол 4000), тальк
** гипромеллоза, темірдің сары тотығы (Е 172), полиэтиленгликоль 4000 ( макрогол 4000), тальк
*** гипромеллоза, темірдің қызыл тотығы (Е 172), полиэтиленгликоль 4000 (макрогол 4000), тальк.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға, сондай-ақ дигидропиридиннің басқа туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- ауыр дәрежедегі бауыр функциясының бұзылуы, билиарлы цирроз және холестаз
- Аксудропин® препаратын қант диабеті бар пациенттерде немесе бүйрек функциясы бұзылған (ШСЖ <60 мл/мин / 1,73 м2) пациенттерде құрамында алискирен бар дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану
- жүктілік
- ауыр гипотензия
- шок (кардиогенді шокты қоса)
- сол жақ қарыншаның шығару жолындағы қан ағымының обструкциясы (гипертониялық обструктивті кардиомиопатия немесе айқын аорта стенозы)
- жедел миокард инфарктісінен кейінгі гемодинамикалық тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
5 мг/80 мг Аксудропин® АҚ монотерапия режимінде 5 мг амлодипин немесе 80 мг валсартан көмегімен тиісті түрде бақылау мүмкін емес пациенттерде қолданылуы мүмкін.
5 мг/160 мг Аксудропин® АҚ монотерапия режимінде 5 мг амлодипин немесе 160 мг валсартан көмегімен тиісті түрде бақылау мүмкін емес пациенттерде қолданылуы мүмкін.
10 мг/160 мг Аксудропин® АД монотерапия режимінде 10 мг амлодипин немесе 160 мг валсартан көмегімен не 5 мг/160 мг дозада Аксудропин® препаратының көмегімен тиісті түрде бақылау мүмкін емес пациенттерде қолданылуы мүмкін.
Екі компоненттің әрқайсысының дозасын жеке титрлеу (мысалы, амлодипин және валсартан) біріктірілген дозаның біріктіріліміне ауысу алдында ұсынылады. Клиникалық сәйкестікте монотерапиядан бекітілген біріктірілімге тікелей ауысу қарастырылуы мүмкін.
Ыңғайлы болу үшін жеке таблетка/капсула түріндегі амлодипинмен және валсартанмен ем алатын пациенттер белсенді компоненттердің бірдей дозалары бар Аксудропин® препаратымен емге ауыстырылуы мүмкін.