Құрамы
Қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында
белсенді зат: Бұзау қанының депротеинделген гемодериваты Актовегин® гранулят түрінде1 - 200,00 мг
Қосымша заттар:
Магний стеараты
Тальк
Қабықтың құрамы:
Сахароза
Титанның қостотығы (Е 171)
Хинолинді сары алюминий лагы бояғышы (Е 104)
Гликолий тау балауызы
Повидон (К-30)
Макрогол-6000
Акация шайыры
Гипромеллоза фталаты
Диэтилфталат
Тальк
1Актовегин® грануляттың құрамында:
Белсенді зат:
Қан компоненттері: Бұзау қанының депротеинделген гемодериваты
Қосымша заттар:
Повидон К-90
Микрокристалды целлюлоза
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында:
инсульттен кейінгі когнитивті бұзылулар мен деменцияны қоса, когнитивті бұзылуларды симптоматикалық емдеу
шеткері қан айналымның бұзылулары және олардың салдарын симптоматикалық емдеу
диабеттік полинейропатияны (ДПН) симптоматикалық емдеу
Қарсы көрсетілімдер
Актовегин® препаратына және ұқсас препараттарға немесе қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық.
фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі
18 жасқа дейінгі балалар
фенилкетонуриясы бар пациенттерге
Дозасы
Дозасы мен қолдану тәсілі нозологиялық түріне және аурудың ағымының ауырлығына байланысты болады.
Инсульттан кейінгі когнитивті бұзылулар
Ишемиялық инсульттің жедел кезеңінде, 5 – 7 күнінен бастап, тәулігіне 2000 мг вена ішіне тамшылатып 20 инфузияға дейін, кейіннен 2 таблеткадан күніне 3 рет (1200 мг/күніне) таблетка түрінде қабылдауға көшіреді. Жалпы емдеу ұзақтығы 6 ай.
Деменция
2 таблеткадан күніне 3 рет (1200 мг/күніне). Жалпы емдеу ұзақтығы 20 апта.
Шеткері қан айналымның бұзылулары мен олардың салдары
1-2 таблеткадан күніне 3 рет (600 – 1200 мг/күніне). Емдеу ұзақтығы 4-тен 6 аптаға дейін.
Диабеттік полинейропатия
Тәулігіне 2000 мг вена ішіне тамшылатып 20 инфузия, кейіннен таблетка түрінде 3 таблеткадан күніне 3 рет қабылдауға көшіреді (күніне 1800 мг) ұзақтығы 4-тен 5 айға дейін.
Енгізу әдісі мен жолы
Таблеткаларды шайнамайды және тамақтың алдында аздаған мөлшердегі сумен ішеді
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.