Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат: натрий сульфацетамиді – 0,2 г, 0,3 г
қосымша заттар: натрий тиосульфаты, 1 М хлорсутек қышқылының ерітіндісі, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
- мөлдір қабықтың іріңді ойық жараларында
- инфекциялық конъюнктивиттерде
- блефариттерде
Қарсы көрсетілімдер
- натрий сульфацетамидке және препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық
- 2 айға дейінгі балаларға (көзге тамызатын дәрі, 20 %)
- 18 жасқа дейінгі балаларға (көзге тамызатын дәрі, 30 %).
Дозасы
Ересектерге Альбуцид-DF 30 % ерітіндісін зақымданған көзге тәулігіне 5 – 6 рет (әр 4 – 5 сағат сайын) 2 – 3 тамшыдан қолдану керек.
2 айдан асқан балаларға Альбуцид-DF 20 % ерітіндісін зақымданған көзге тәулігіне 4 – 5 рет 1 – 2 тамшыдан қолдану керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Жергілікті қолдану үшін
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсын дәрігер аурудың сипаты мен ауырлығына байланысты белгілейді. Орташа алғанда, емдеу курсы 7 – 10 күн.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.