Құрамы
Бір таблетка құрайды
белсенді зат – рифаксимин 200 мг,
қосымша заттар: натрий крахмалы гликолаты, глицерин дистеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, микрокристалды целлюлоза,
Opadry OY-S-34907 қабығының құрамы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), динатрий эдетаты, пропиленгликоль, темірдің қызыл тотығы (Е172).
Қолданылуы
- грам-оң және грам-теріс бактериялардан туындаған жедел және созылмалы ішек инфекциялары; диарея синдромы;
- ішектің микробтық флорасының тепе-теңдігінің бұзылуынан туындаған диарея (жазғы диарея, саяхатшылар диареясы, энтероколит);
-асқазан-ішек жолындағы хирургиялық араласулар кезінде инфекциялық асқынуларды операция алдында және кейін алдын-алу;
- гипераммонемияны емдеудегі қосымша зат.
Қарсы көрсетілімдер
- рифаксиминнің белсенді затына, рифамициндерге немесе рифамициндердің кез келген қосымша заттарына немесе кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық;
- ішек өтімсіздігінің, оның ішінде ішінара бітелудің, ішектің ауыр ойық жаралы зақымдануының жағдайлары;
- қызбамен немесе нәжісте қанның болуымен асқынған диарея.
Дозасы
Диареяны емдеу
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға әр 6 сағат сайын 200 мг рифаксимин таблеткасы тағайындалады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.