Құрамы
10 мл шәрбаттың құрамында
белсенді заттар:
дәрілік эмблика жемістерінің қою экстрактісі 230 мг
егістік жоңышқа жапырағының қою экстрактісі 115 мг
грек бойдана тұқымдарының қою экстрактісі 115 мг
сібір женьшені тамырларының қою экстрактісі 60 мг
қосымша заттар: сахароза, мия экстрактісі, сусыз лимон қышқылы, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, глицерин, апельсин хош иістендіргіші, құлпынай хош иістендіргіші, тазартылған су
Қолданылуы
- астениялық жағдайлар
- қажу, жұмысқа қабілеттіліктің артуына қажеттілік
- иммунитеттің төмендеуі, жиі суық тию
- жүйке жүйесінің тозуы, ваготонустық тип бойынша вегетотамырлық дистония
- химиотерапияда, сәулемен емдеуде, созылмалы уыттануда уытты әсерді төмендету қажет болғанда
- науқастарды оңалту жүргізгендегі демеуші ем
- анорексия, тәбеттің төмендеуі, дене салмағының төмендеуінде
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық
- гипертониялық криз
- қант диабеті
Дозасы
Ересектерге: күніне екі рет тамақтан соң 2 шәй қасықтан
Балаларға: 12 жастан асқан балаларға күніне екі рет тамақтан соң 1 шәй қасықтан
Қабылдау уақыты-таңертең және түскі ас.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы - 30 күн.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.