Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
1 мл бір ампуланың ішінде
белсенді зат – 0,1 мл майда теңіз балықтарының биобелсенді концентраты,
қосымша заттар – фенол, инъекцияға арналған су 1 мл-ге дейін.
2 мл бір ампуланың ішінде
белсенді зат – 0,2 мл майда теңіз балықтарының биобелсенді концентраты,
қосымша заттар – фенол, инъекцияға арналған су 2 мл-ге дейін.
Қолданылуы
АЛФЛУТОП дәрілік препараты ересектерде келесі жағдайларда қолданылады:
- орналасуы әр түрлі, бастапқы және салдарлы остеоартрит кезінде (оның ішінде коксартроз, гонартроз, шағын буындардың артрозы)
- остеохондрозда
- спондилезде
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Дозасы
Ересектерге
Остеоартроз және остеохондроз кезінде препаратты бұлшықет ішіне терең енгізеді:
күніне 1 мл-ден, емделу курсы 20 инъекцияны құрайды (20 күн бойы күніне 1 инъекциядан)
немесе
күнара 2 мл-ден, емделу курсы 10 инъекцияны құрайды (20 күн бойы күнара 1 инъекциядан).
Көбінесе ірі буындар зақымдалған жағдайда, препаратты дәрігердің қадағалауымен, әр буынға 3 күн аралықпен 1-2 мл-ден буын ішіне енгізеді.
Барлық емдеу курсы әр буынға 5 инъекцияны құрайды.
Буын ішіне және бұлшықет ішіне енгізу әдістерін біріктіруге болады.
Емдеу курсын дәрігердің кеңесі бойынша 6 айдан соң қайталаған дұрыс.
Енгізу әдісі мен жолы
Бұлшықет ішіне. Буын ішіне.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.