Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - дезлоратадин 5.000 мг,
қосымша заттар: изомальт, желатинделген крахмал (жүгері), микрокристалды целлюлоза, магнийдің ауыр тотығы, гидроксипропилцеллюлоза, кросповидон (А түрі), магний стеараты,
үлбірлі қабықтың құрамы опадрай II көк 85F30605: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол/PEG3350, тальк, FD&C көк#2/индигокармин алюминий лагы (E132).
Дозасы
Ересектерге: 1 таблеткадан (5 мг) тәулігіне 1 рет.
Интермиттирлеуші аллергиялық ринит терапиясын (симптомдардың аптасына 4 күннен аз немесе 4 аптадан аз болуы) ауру анамнезін ескере отырып жүргізу, ал емдеуді симптомдар жоғалғаннан кейін тоқтату және олар қайта пайда болғаннан кейін қайта жалғастыру қажет. Тұрақты аллергиялық ринит кезінде (симптомдардың аптасына 4 және одан да көп күн немесе 4 аптадан астам болуы ) аллергенмен жанасудың барлық кезеңінде емдеуді жалғастыру қажет.
Енгізу әдісі мен жолы
Алгис тамақтануға байлныссыз, аз мөлшерде сумен ішіледі.