Құрамы
Бір мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - олопатадин гидрохлориді, олопатадинге баламалы 1,000,
қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий фосфат дигидраты, натрий хлориді, хлорсутек қышқылы 3,6%, натрий гидроксиді 4%, инъекцияға арналған су, азот**.
** Инертті орта ретінде өндірісте қолданылады.
Дозасы
Жергілікті қолдану үшін: зақымдалған көздің төменгі конъюнктивалық қалтасына күніне екі рет 1 тамшыдан тамызу керек (қолдану арасындағы аралық 8 сағат).
Енгізу әдісі мен жолы
Тек көзге қолдануға арналған. Қолданар алдында пластикалық құтының қақпағын алу қажет. Құтының ішіндегісінің ластануының алдын алу үшін тамшылатқыштың ұшын көзге немесе кез келген басқа беткейлерге тигізбеу керек. Қолдану арасында құтыны тығыз жабық күйде ұстау қажет. Көзге арналған басқа да жергілікті дәрілік заттармен біріктірілген ем кезінде оларды енгізу арасындағы аралық кемінде бес минутты құрауы тиіс. Көзге арналған жақпамайларды соңында қолданған жөн.
Емдеу ұзақтығы
Қажет болған жағдайда, емдеу төрт айға дейін созылуы мүмкін.
Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.