Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 80 мг құрғақ өт, 40 мг сарымсақ ұнтағы, 5 мг қалақай жапырақтары, 25 мг белсендірілген көмір,
қосымша заттар: магнийдің ауыр тотығы, картоп крахмалы, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, кальций стеараты,
қабық: ақ қант, магнийдің негізгі жеңіл карбонаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, титанның қостотығы, коповидон К-28, хинолинді сары бояғыш Е 104, апельсин сары бояғышы Е 110, араның сары балауызы.
Қарсы көрсетілімдер
– әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
– жедел гепатит
– өт-тас ауруы
– обтурациялық сарғаю
– Одди сфинктерінің түйілуі
– жедел панкреатит
– өршу сатысындағы асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы
– жедел энтероколит
– бауырдың жедел және жеделге жуық дистрофиясы
– 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Ересектерге тәулігіне 3-4 рет 1-2 таблеткадан қабылдау ұсынылады.
Өт шығару жолдарының созылмалы аурулары өршіген кезде – тәулігіне 2-3 рет 1 таблеткадан.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке, тамақтан кейін.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Тәулігіне 3-4 рет; емдеу курсы 3-4 апта.
Өт шығару жолдарының созылмалы аурулары өршіген кезде –1-2 ай бойы тәулігіне 2-3 рет.
Қажет болған жағдайда қайталанатын емдеу курстарын 3 ай аралықпен жүргізеді.