Құрамы
5 мл (бір өлшемді қасық) құрамында:
белсенді заттар: алюминий гидроксиді гелі (15.3% Al(OH) 3) 2180.0 мг, (алюминий оксидіне шаққанда (10% Al 2 O 3)) 218.0 мг,
магний гидроксиді пастасы (31% Mg(OH)2) 350.0 мг, (магний оксидіне шаққанда (21.43% MgO)) 75.0 мг,
бензокаин 109 мг,
10 мл (1 пакет) құрамында:
алюминий гидроксиді гелі (15.3% Al(OH)3) 4360.0 мг,
(алюминий оксидіне шаққанда (10% Al 2 O 3)) 436.0 мг,
магний гидроксиді пастасы (31% Mg(OH)2) 700.0 мг,
(магний оксидіне шаққанда (21.43% MgO)) 150.0 мг,
бензокаин 218 мг,
қосымша заттар: сутегінің асқын тотығының ерітіндісі (30%), сорбитол, гидроксиэтилцеллюлоза, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, бутилпарагидроксибензоат, натрий сахарині, пропиленгликоль, макрогол 4000, лимон майы, 96% этил спирті, тазартылған су.
Қолданылуы
- жедел гастрит, асқазанның жоғары және қалыпты секреторлық функциясы бар (өршу кезеңінде) созылмалы гастрит, жедел дуоденит, энтерит, колит;
- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы (өршу кезеңінде);
- диафрагма өңеш саңылауының жарығы, гастроэзофагеальді рефлюкс, рефлюкс-эзофагит, дуоденогастральді рефлюкс;
- әртүрлі генездегі АІЖ симптоматикалық ойық жаралары, асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлімдері шырышты қабығының эрозиясы;
- жедел панкреатит, созылмалы панкреатиттің өршуі;
- тамақтану қателіктерінен, этанолды, никотинді, кофені шамадан тыс тұтынудан, асқазанның шырышты қабығын тітіркендіретін дәрілік заттарды қабылдаудан кейінгі қыжыл және эпигастрийдегі ауырсыну.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (гипермагниемия және алюминийемия даму мүмкіндігіне байланысты уыттану қаупі)
- бауыр аурулары, бауыр циррозы
- Альцгеймер ауруы
- жедел аппендицитке күдіктену
- ойық жаралы колит, колостомия немесе илеостомия
- іш қату
- созылмалы диарея
- геморрой
- гипермагниемия
- гипофосфатемия
- жүректің ауыр жеткіліксіздігі
- алкоголизм, эпилепсия
- жүктілік кезеңі
- лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Ересектерге тамақтанудан 10-15 минут бұрын күніне 3-4 рет 5 – 10 мл (1 – 2 өлшемді қасық немесе 1 пакет) қабылдау ұсынылады.
Алмагель А емдеудің ең көп ұзақтығы - 7 күн, одан кейін Алмагель® препаратымен емдеуді жалғастыруға болады.
Алмагель® А қабылдағаннан кейін 15 минут бойы сұйықтық қабылдау ұсынылмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Алмагель® А препараты ішке қабылданады. Әрбір қабылдау алдында құтыны сілку керек.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.