Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 30.0 мг амброксол гидрохлориді,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, желатинделген крахмал, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), кальций стеараты
Қолданылуы
Секреция бұзылуымен және қақырық шығуының қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларының секретолитикалық емінде
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші заты амброксол гидрохлоридіне немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
- 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Дозалану режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: 1 таблеткадан (30 мг) тәулігіне 3 рет, алғашқы 2-3 тәулік ішінде (30 мг-ден 3 ретке баламалы), содан кейін 1 таблеткадан тәулігіне 2 рет (30 мг-ден 2 ретке баламалы).
Қажет болған жағдайда, емдік әсерді күшейту үшін тәулігіне 2 рет 2 таблеткадан (тәулігіне 120 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы) тағайындауға болады.
Қолдану ұзақтығын дәрігер жеке анықтайды.
Препаратты дәрігердің кеңесінсіз 4-5 күннен артық қабылдамаған жөн.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
6 жастан бастап 12 жасқа дейінгі балаларға: ½ таблеткадан (15 мг-ден 2-3 ретке баламалы) тәулігіне 2-3 рет.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке, шайнамай, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішеді. Препаратты тамақтануға байланыссыз қабылдауға болады.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты дәрігердің кеңесінсіз 4-5 күннен артық қабылдамаған жөн.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.