Құрамы
Дәрілік препараттың құрамы
5 мл препараттың құрамында
белсенді зат - 15.0 мг және 30.0 мг амброксол гидрохлориді
қосымша заттар: кристалды емес сұйық сорбитол, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, лимон қышқылы моногидраты, натрий цитрат дигидраты, тағамдық «Тутти-фрутти 1537» хош иістендіргіші, 0.1 М натрий гидроксиді ерітіндісі, тазартылған су
Қолданылуы
Секреция бұзылуымен және қақырық шығуының қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларының секретолитикалық емінде.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші зат амброксол гидрохлоридіне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
препаратты 2 жасқа дейінгі балаларда дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдану көрсетілген
тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Дозасы
Амбро® Мультифрукт 15 мг/ 5 мл
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар:
Емдеудің алғашқы 2-3 күндері тәулігіне 3 рет 10 мл-ден (тәулігіне 90 мг амброксолға баламалы), келесі күндері тәулігіне 2 рет 10 мл (тәулігіне 60 мг амброксолға баламалы).
Қажет болған жағдайда ересектер мен 12 жастан асқан балалар үшін емдік әсері дозаны тәулігіне 2 рет 20 мл-ге дейін ұлғайтумен күшейтілуі мүмкін (бұл тәулігіне 120 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Жекелеген жас санаттары үшін келесі дозалары пайдаланылады:
2 жасқа дейінгі балалар тәулігіне 2 рет 2,5 мл-ден қабылдайды (тәулігіне 15 мг амброксолға баламалы).
2-ден 5 жасқа дейінгі балалар тәулігіне 3 рет 2,5 мл-ден қабылдайды (тәулігіне 22,5 мг амброксолға баламалы).
6-12 жастағы балалар тәулігіне 2-3 рет 5 мл-ден қабылдайды (тәулігіне 30-45 мг амброксолға баламалы).
Амбро® Мультифрукт 30 мг/ 5 мл
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар:
Емдеудің алғашқы 2-3 күні 5 мл-ден тәулігіне 3 рет (тәулігіне 90 мг амброксолға баламалы), келесі күндері 5 мл-ден тәулігіне 2 рет (тәулігіне 60 мг амброксолға баламалы) қабылданады.
Қажет болған жағдайда ересектер мен 12 жастан асқан балаларға арналған емдік әсері дозаны тәулігіне 2 рет 10 мл-ге дейін ұлғайтумен күшейтілуі мүмкін (бұл тәулігіне 120 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
12 жасқа дейінгі балаларға дозалау режимі аурудың клиникалық көрінісінің ауырлығына байланысты белгіленеді:
2 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 2 рет 1,25 мл (тәулігіне 15 мг амброксолға баламалы).
2 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 3 рет 1,25 мл (тәулігіне 22,5 мг амброксолға баламалы).
6 жастан бастап 12 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 2-3 рет 2,5 мл (тәулігіне 30-45 мг амброксолға баламалы).
Енгізу әдісі және жолы
Амбро® Мультифрукт ішуге қабылдауға арналған
Амбро® Мультифрукт шәрбаты қоса берілген өлшеуіш қасықтың көмегімен қабылданады.
Препаратты 2 жасқа толмаған балаларда дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолданады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.