Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 30 мг амброксол гидрохлориді;
қосымша зат - лактоза моногидраты, картоп крахмалы, сусыз коллоидты
кремнийдің қостотығы (аэросил), кальций стеараты.
Қолданылуы
Қақырық секрециясының бұзылуымен және шығуының қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларының секретолитикалық емінде.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- құрамында әсер етуші заттың көп болуына байланысты 6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Дозасы
Ересектер және 12 жастан және одан үлкен жасөспірімдер: емдеудің алғашқы 2-3 күнінде-күніне 3 рет 30 мг (1 таблетка). Қажет болса, емдік әсерді күшейту үшін ересектердегі тәуліктік дозаны күніне 120 мг-ға дейін арттыруға болады: күніне 2 рет 60 мг (2 таблетка). Келесі күндері күніне 2 рет 1 таблеткадан қабылдау керек.
6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: 15 мг (1/2 таблетка) күніне 2-3 рет.
Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер аурудың ағымына байланысты жеке таңдайды.
Дәрігердің тағайындауынсыз 4-5 күннен артық қабылдау ұсынылмайды.
Аурудың симптомдары қабылдауды бастағаннан бастап 4-5 күн бойы сақталған жағдайда дәрігерге қаралу ұсынылады.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке, тамақтанғаннан кейін, таблетканы шайнамай, жеткілікті мөлшерде сұйықтықпен тұтастай жұту керек.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.