Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: амброксол гидрохлориді – 30 мг,
қосымша заттар: жүгері крахмалы, лактоза моногидраты, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.
Қолданылуы
Секрецияның бұзылуымен және қақырық шығуының қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларының секретолитикалық терапиясы
Қарсы көрсетілімдер
амброксолға немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық;
6 жасқа дейінгі балалар;
лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Сақтықпен:
жүктілік (II-III триместр);
бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігінде.
Дозасы
6-12 жастағы балалар: ½ таблеткадан (15 мг) күніне 2-3 рет.
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: емдеудің алғашқы 2-3 күнінде – күніне 3 рет 1 таблеткадан (30 мг), содан кейін күніне 2 рет 1 таблеткадан.
Қажет болғанда емдік әсерді күшейту үшін ересектер мен 12 жастан асқан балалардағы тәуліктік дозаны күніне 2 рет 2 таблеткаға дейін арттыруға болады (тәуліктік доза - 120 мг).
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер аурудың ағымына байланысты жекелей таңдайды.
Дәрігердің тағайындауынсыз 4-5 күннен артық қабылдау ұсынылмайды.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.