Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 10 мг амброксол гидрохлориді;
қосымша заттар: лактоза моногидраты, түйіршіктелген микрокристалды целлюлоза, коповидон, магний стеараты.
Қолданылуы
- секрециясы бұзылуымен және қақырық шығуының қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларын муколитикалық емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа (амброксол гидрохлоридіне) немесе "Дәрілік препараттың құрамы" бөлімінде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық;
6 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: алғашқы 2-3 күн ішінде тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан қабылдайды (тиісінше тәулігіне 30 мг амброксол гидрохлоридінен 3 қабылдау); содан кейін тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан (тиісінше тәулігіне 30 мг амброксол гидрохлоридінен 2 қабылдау).
Қажет болған жағдайда емдік әсерді күшейту үшін тәулігіне 2 рет 2 таблеткадан тағайындауға болады (баламалы тәулігіне 120 мг амброксол гидрохлоридіне).
6-дан 12 жасқа дейінгі балалар: ½ таблеткадан тәулігіне 2-3 рет (тиісінше тәулігіне 15 мг амброксол гидрохлоридін 2-3 қабылдау).
Таблеткаларды тамақтануға қарамастан, жеткілікті мөлшерде сұйықтықпен (мысалы, сумен, шаймен немесе жеміс шырынымен) ішіп, тұтастай жұтады.
Емдеу ұзақтығы
Амбросан® препаратымен емдеу ұзақтығын көрсетілімдеріне және аурудың түріне байланысты жеке емдеуші дәрігер анықтайды.
Егер сіздің денсаулығыңыз 4-5 күннен кейін нашарласа немесе жақсармаса, сіз дәрігерге баруыңыз керек.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.