Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: прополис тұндырмасы 0,06 г, аскорбин қышқылы 0,005 г, сәлбен дәрілік қою экстрактісі 0,005 г.
қосымша заттар: қант, лимон қышқылы, кальций стеараты.
Қолданылуы
Ангисепт SV ересектер мен 6 жастан асқан балаларда келесі ауруларда қолданылады:
- жоғарғы тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы инфекцияларында (ЖРА, ангина, гингивиттер, стоматиттер);
- ауыз қуысы мен тамақтың қабыну ауруларында;
- ауыз қуысындағы ойық жаралар мен жараларда;
- ауыздағы және тамақтағы жағымсыз сезімдер (құрғауы және жыбырлауы) кезінде;
- ауыздан жағымсыз иіс шығатын жағдайда.
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді заттарына немесе қандай-да бір қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық;
- қант диабеті;
- 6 жасқа дейінгі балаларға;
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы, фруктоза жақпаушылығы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттер.
Дозасы
6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға күніне 3-4 рет 1 таблеткадан.
12 жастан асқан балалар мен ересектерге доза екі еселенеді.
Ең жоғары тәуліктік дозасы – 8 таблетка.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.