Құрамы
Дәрілік препараттың құрамы:
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 2 мг хлоргексидин диацетаты, 0,2 мг тетракаин гидрохлориді, 50.0 мг аскорбин қышқылы
қосымша заттар: ментол, натрий сахаринаты, тальк, кальций стеараты, «Апельсин» хош иісті қоспасы (мальтодекстрин, табиғи каучук, арабия шайыры (Е414), табиғи апельсин майы, су), тартразин (Е 102), сорбитол.
Қолданылуы
Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну ауруларын емдеу (стоматит, гингивит, тонзиллит, фарингит, пародонтоз).
Дозасы
Ересектерге тәулігіне (әр 6 сағат сайын) 1 таблеткадан 4 рет тағайындайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Жергілікті. Ауызда толық ерігенше баяу сору керек. Препарат тамақтан кейін және тісті тазалағаннан кейін қабылданады. Таблеткаларды сорғаннан кейін 2 сағат ішінде аузыңызды шаюға және көп сұйықтық ішуге болмайды.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 5 күннен аспайды.