Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - құрғақ затқа шаққанда антраль - 0,2 г;
қосымша заттар: магний карбонаты ауыр, картоп крахмалы, кросповидон XL 10 (Polyplasdone XL 10), микрокристалды целлюлоза 101, повидон К 29/32, полисорбат-80 (твин-80), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, кальций стеараты,
қабықтың құрамы: Opadry II 85 G18490 white: поливинилді спирт, полиэтиленгликоль, тальк, лецитин, титанның қостотығы (Е 171),
Opadry II 85 G25557 red: кармоизин алюминий лагы (Е 122), FD&C көгілдір #2 алюминий лагы (Е 132), темірдің (III) қызыл тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), лецитин, полиэтиленгликоль, тальк, поливинил спирті.
Қолданылуы
Кешенді емнің құрамында:
шығу тегі әртүрлі жедел және созылмалы гепатиттер (вирусты, алкогольді, дәрі-дәрмектік, уытты)
майлы дистрофия және бауыр циррозы
өт қабы, көк бауыр, ұйқы безінің қабынбалы аурулары
холецистэктомиядан кейінгі синдром (өт қабын алып тастағаннан кейін)
шығу тегі әртүрлі уыттардың: дәрілік заттар, химиотерапия, сәулемен емдеудің теріс әсерінің салдарынан болған бауыр ауруларының профилактикасы.
Дозасы
Антральді ересектерге ас ішкеннен кейін судың жеткілікті мөлшерімен бірге күніне 3 рет ішу үшін тағайындайды:
гепатобилиарлы жүйе ауруларын емдеу және профилактика үшін бір рет қабылдауға 200 мг (1 таблетка);
бауыр циррозы кезінде: емдеудің алғашқы аптасында – бір қабылдауға 400 мг (2 таблетка), содан кейін 2-3 апта бойы – бір қабылдауға 200 мг (1 таблетка).
Емдеудің ұзақтығы аурудың сипаты және ауырлығына байланысты.
Енгізу әдісі және жолы
Судың жеткілікті мөлшерімен бірге ішу арқылы күніне 3 рет қабылдау керек.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Антраль препаратымен емдеудің орташа курсы 3-4 аптаны құрайды.
Емдеу курсы 3-4 аптадан соң қайталануы тиіс.