Құрамы
Бір таблетканың құрамында:
белсенді заттар – 5,00 мг хлоргексидин гидрохлориді,
4,00 мг бензокаин,
3,00 мг эноксолон
қосымша заттар – сорбитол (Сорбидекс S 16606), калий ацесульфамы, лимон хош иістендіргіші, бал хош иістендіргіші, магний стеараты
Қолданылуы
Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну ауруларында.
Жергілікті және симптоматикалық емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- пара-аминобензой қышқылы (ПАБҚ), парабендер немесе парафениндиамин сияқты жергілікті әсер ететін басқа анестетиктерге аса жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар адамдар үшін
Дозасы
Ересектер және 12 жастан асқан балалар:
Әдеттегі доза: әр 2-3 сағат сайын 1 таблетка.
Барынша көп доза: күніне 8 таблетка.
6-дан 12 жасқа дейінгі балалар
Әдеттегі доза: әр 4-5 сағат сайын 1 таблетка.
Барынша көп доза: күніне 6 таблетка
Енгізу әдісі мен жолы
АНЗИБЕЛ ® таблеткаларын шайнамай және жұтпай, толық сорылғанға дейін аузында ұстау керек. Егер өнім зақымдалған аймақпен тікелей байланыста болса, препараттың белсенділігі артады. АНЗИБЕЛ® препаратын тамақ ішер алдында немесе сусын ішер алдында қолдануға болмайды.
Егер симптомдар 2 күннен кейін нашарласа немесе сақталса, сондай-ақ қызба, бас ауыруы, жүрек айнуы немесе құсумен қатар жүрсе, дәрігер клиникалық көріністі бағалауы керек.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.