Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 1,5 мг индапамид,
қосымша заттар: гипромеллоза, лактоза моногидраты, магний стеараты, повидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы,
үлбірлі қабық құрамы: глицерол, гипромеллоза, макрогол 6000, магний стеараты, титанның қостотығы (Е171)
Қолданылуы
Арифон® Ретард ересектердегі эссенциалдық гипертензияны емдеуде көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
- индапамидке, басқа сульфонамидтерге немесе қосымша заттарының біреуіне аса жоғары сезімталдық
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
- бауыр энцефалопатиясы немесе бауыр функциясының ауыр бұзылулары
- гипокалиемия
- туа біткен галактоземия, глюкоза-галактозды мальабсорбциялық
синдром және/немесе Лапп лактаза тапшылығы
Дозасы
Препаратты 24 сағат ішінде бір таблеткадан, дұрысы таңертең қабылдау ұсынылады. Таблеткаларды шайнамай, сумен іше отырып, жұту керек. Дозаның жоғарылауы Арифон® Ретард препаратының гипертензияға қарсы әсерінің ұлғаюына әкелмейді, бірақ несеп айдайтын әсерін күшейтеді.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.