Құрамы
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат - умифеновир гидрохлориді 50 мг немесе 100 мг,
қосымша заттар: повидон (К 17), микрокристалды целлюлоза, модификацияланған жүгері крахмалы (Starch 1500), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, лактоза моногидраты, опадрай II ақ (поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль, тальк).
Қолданылуы
- А және В тұмауы, жедел респираторлы-вирустық инфекциялар (ЖРВИ)
- созылмалы бронхитті, пневмония мен қайталанатын герпес
инфекциясын кешенді емдеу құрамында
- эпидемиялық маусымда тұмау және ЖРВИ профилактикасы
- операциядан кейінгі инфекциялық асқынулардың профилактикасы
- 6 жастан асқан балаларда этиологиясы ротавирустық
жедел ішек инфекцияларын кешенді емдеу құрамында
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, лактоза жеткіліксіздігі,
глюкоза, галактоза мальабсорбциясы
Дозасы
Бір реттік доза: 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға - 100 мг, 12 жастан асқан балалар мен ересектерге - 200 мг (100 мг-ден 2 таблетка немесе 50 мг-ден 4 таблетка).
Спецификалық емес профилактика үшін
Тұмаумен және басқа жедел респираторлы-вирустық инфекциялармен ауырған науқаспен тікелей байланыста болғанда:
- 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға – күніне бір рет 100 мг, 12 жастан асқан балалар мен ересектерге –10-14 күн бойы күніне бір рет 200 мг.
Тұмау және басқа жедел респираторлы-вирустық инфекциялар эпидемиясы кезеңінде:
- 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға – 100 мг, 12 жастан асқан балалар мен ересектерге –3 апта бойы аптасына екі реттен 200 мг.
Емдеу үшін
Асқынуларсыз тұмау, басқа жедел респираторлы-вирустық инфекциялар:
– 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға – 100 мг, 12 жастан асқан балалар мен ересектерге – 5 күн бойы тәулігіне 4 рет (әр 6 сағат сайын) 200 мг.
Созылмалы бронхитті, пневмонияны, герпестік инфекцияны кешенді емдеуде:
- 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға – 100 мг – ден, 12 жастан асқан балалар мен ересектерге – 5-7 күн бойы тәулігіне 4 рет (әр 6 сағат сайын) 200 мг, содан кейін бір реттік дозаны аптасына 2 рет 4 апта бойы.
6 жастан асқан балалардағы этиологиясы ротавирустық жедел ішек инфекцияларын кешенді емдеу:
– 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға – 100 мг-ден, 12 жастан асқан балаларға 200 мг-ден тәулігіне 4 рет (әр 6 сағат сайын) 5 күн бойы .
Операциядан кейінгі инфекциялық асқынулардың профилактикасы:
–6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға – 100 мг, 12 жастан асқан балалар мен ересектерге – операцияға 2 күн қалғанда бір рет 200 мг, сосын операциядан кейін 2-нші және 5-інші күні дәл сол дозада бір рет.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке, тамақтанудан 30 минут бұрын немесе тамақтанған соң 2 сағаттан кейін.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.