Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: ацетилсалицил қышқылы, 200.00 мг, парацетамол, 200.00 мг, кофеин 40.00 мг,
қосымша заттар: картоп крахмалы, төмен молекулалы медициналық поливинилпирролидон (повидон К-17), стеарин қышқылы, кальций стеараты, тальк, силикон эмульсиясы, вазелин майы.
Қолданылуы
- айқындығы жеңіл және орташа ауырсыну синдромы (шығу тегі әртүрлі): бас ауыруы, бас сақинасы, тіс ауыруы, невралгия, миалгия, артралгия, альгодисменорея
- қызба синдромы: жедел респираторлық ауруларда, тұмауда
Қарсы көрсетілімдер
- өршу сатысындағы асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы;
- асқазан-ішектен қан кету немесе тесілу, анамнездегі пептидтік ойық жара
- ауыр бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі
- геморрагиялық диатездер, гипокоагуляция (оның ішінде гемофилия, гипопротромбинемия)
- ауыр қан кетумен қатар жүретін хирургиялық араласулар
- жүктілік, емшек емізу кезеңі
- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
- глаукома
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- бронх демікпесінің, мұрынның және мұрын маңы қуыстарының қайталанатын полипозының және АСҚ немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттар жақпаушылығының толық және толық емес үйлесімі (оның ішінде анамнезінде)
- 15 жасқа дейінгі балалар ауырсынуды басатын дәрі ретінде, қызба синдромында – 18 жасқа дейін
- қатты қозғыштық, ұйқының бұзылуы
- жүрек-қантамыр жүйесінің органикалық аурулары (оның ішінде жедел миокард инфарктісі, атеросклероз)
- айқын артериялық гипертензия
- порталдық гипертензия
- NYHA бойынша III-IV функционалдық класы созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
- метотрексатты бір мезгілде аптасына 15 мг артық қабылдау
- К авитаминозы
- гипопротеинемия
Дозасы
Бас ауыруы кезінде ұсынылатын доза 1-2 таблетка, қатты бас ауыруы жағдайында келесі қабылдау 4-6 сағаттан кейін.
Бас сақинасы кезінде симптомдар пайда болған кезде ұсынылатын доза 2 таблетка, қажет болған жағдайда қайта қабылдау 4-6 сағаттан кейін. Бас ауыруы мен бас сақинасын емдеу үшін препаратты 4 күннен асырмай қабылдайды.
Ауырсыну синдромында - 1-2 таблетка; орташа тәуліктік доза - 3-4 таблетка, ең жоғары тәуліктік доза - 8 таблетка.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.