Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: аскорбин қышқылы - 50 мг,
рутин - 50 мг,
қосымша заттар: картоп крахмалы, кальций стеараты, тальк, қант.
Қолданылуы
- С және Р гипо- және авитаминозын, тікелей емес антикоагулянттарды және салицилаттарды қолданумен байланысты капиллярлар зақымдалуының профилактикасында және емдеуде.
Кешенді ем құрамында:
- қан тамырлары өткізгіштігінің бұзылуы қатар жүретін ауруларда: геморрагиялық диатез, көз торқабығына қан құйылу, капилляр токсикозы, сәуле ауруы, сепсистік эндокардит, ревматизм, гломерулонефрит, арахноидит, бөртпе сүзек, қызылша, жаншау, тромбоцитопениялық пурпура.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе кез келген қосымша заттарға өте жоғары сезімталдық
- қан гиперкоагуляциясымен және тромбоздарға бейімділікпен қатар жүретін жағдайлар
- тромбофлебит
- фруктозаны көтере алмаушылық немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- қант диабеті (аскорбин қышқылының болуына байланысты)
- жүктіліктің І триместрі
- 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Емдеу үшін
Ересектерге 1 таблеткадан күніне 2-3 рет, 6 жастан асқан балаларға ½ таблеткадан күніне 1-2 рет. Курсы дәрігермен жекелей анықталады.
Профилактика үшін
Ересектерге 1 таблеткадан күніне 1-2 рет, 6 жастан асқан балаларға ½ таблеткадан күніне 1 рет.
Енгізу әдісі мен жолы
Аскорутинді тамақтанғаннан кейін судың жеткілікті мөлшерімен ішіп қабылдау керек. Емдеу курсының ұзақтығы – 2-3 апта, аурудың ағымына және препараттың төзімділігіне байланысты дәрігер анықтайды.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.