Артқа
АТОКСИЛИН 1000 мг №16 таб

АТОКСИЛИН 1000 мг №16 таб

9:00-ден кейін қолжетімді

1 880 ₸ бастап

Себеттегі баға өзгеруі мүмкін

Амоксициллин

Appteka сервисі

45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз

Сипаттамалары

  • Ел: Турция
  • Өндіруші: АТАБАЙ КИМЬЯ САН. ВЕ ТИДЖ. А.С

Балама тауарлар

Нұсқаулық

Құрамы

Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – амоксициллин тригидраты 603,0 мг (500,0 мг амоксициллинге баламалы) немесе 1206,0 мг (1000,0 мг амоксициллинге баламалы) қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 102, магний стеараты, жүгері крахмалы (амидон).

Қолданылуы

Атоксилин ересектер мен балалардағы келесі инфекцияларды емдеуге арналған: жедел бактериялық синусит жедел ортаңғы отит жедел стрептококкты тонзиллит және фарингит созылмалы бронхиттің өршуі ауруханадан тыс пневмония жедел цистит жүктілік кезіндегі симптомсыз бактериурия жедел пиелонефрит іш сүзегі және паратиф таралатын целлюлитпен дентальді абсцесс протезделген буындардың инфекциясы ойықжара ауруы (он екі елі ішек пен асқазанның) Helicobacter Pylori эрадикациясы Лайм ауруы Сондай ақ Атоксиллин эндокардиттің алдын алу үшін де көрсетілген. Бактерияға қарсы дәрілік препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды ескерген жөн.

Қарсы көрсетілімдер

- амоксициллинге, пенициллин тобының препараттарына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнезінде басқа бета-лактамды препаратқа (мысалы, цефалоспорин, карбапенем немесе монобактам) жедел типтегі аса жоғары сезімталдықтың күрделі реакциясы (мысалы, анафилаксия) - 6 жасқа дейінгі балалар (осы дәрілік форма үшін)

Дозасы

Инфекцияны емдеу үшін амоксициллиннің дозасын таңдаған кезде мыналарды ескеру қажет: • күдікті қоздырғыштар және бактерияға қарсы препараттарға ықтимал сезімталдық • инфекцияның ауырлық дәрежесі және орналасуы • пациенттің жасы, дене салмағы және бүйрек функциясының жағдайы (төменде қараңыз) Емдеу ұзақтығы инфекция типіне және пациенттің реакциясына сәйкес анықталады және әдетте мүмкіндігінше қысқа болуы керек, бірақ кейбір инфекциялар ұзақ емдеу кезеңін қажет етеді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.