Құрамы
5 мл суспензия құрамында
белсенді заттар: 125 мг амоксициллин (амоксициллин тригидраты түрінде),
31,25 мг клавулан қышқылы (калий клавуланаты түрінде),
қосымша заттар: ксантан шайыры, аспартам, янтарь қышқылы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, гипромеллоза, «ақшыл патока» құрғақ хош иістендіргіші, таңқурай құрғақ хош иістендіргіші, апельсин құрғақ хош иістендіргіші 1, апельсин құрғақ хош иістендіргіші 2, сусыз кремнийдің қостотығы.
Қолданылуы
- жедел бактериялық синуситте (диагнозы расталғанда)
- жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары (соның ішінде ЛОР мүшелерінің инфекциялары), мысалы, қайталанатын тонзиллит
- жедел ортаңғы отит
- созылмалы бронхиттің өршуінде (диагнозы расталғанда)
- ауруханадан тыс пневмонияда
- цистит
- пиелонефрит
- тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларында
- тері асты шелінің қабынуы - целлюлитте, жәндіктер шаққанда, жедел абсцесстер мен жақсүйек-бет маңының флегмоналарында
- сүйектер мен буындар инфекцияларында (остеомиелитте)
Бактерияға қарсы дәрілерді дұрыс қолдану бойынша ресми ұсыныстарды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- пенициллиндер немесе препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық
- басқа да бета-лактамды антибиотиктерге (цефалоспориндерге, карбапенемдерге, монобактамдарға) белгілі аса жоғары сезімталдық
- амоксициллин/клавулан қышқылы біріктірілімін қабылдау аясында дамыған сарғаю немесе бауыр функциясының бұзылуы
- фенилкетонурия (препараттың құрамында аспартамның болуына байланысты)
Дозасы
Дозалану режимі
Дозаның әрбір компоненті үшін жеке көрсетілетін жағдайларды қоспағанда, доза амоксициллин мен клавулан қышқылының құрамына қатысты біріктірілімде көрсетіледі
Жеке инфекцияны емдеу үшін таңдалған Аугментин® препаратының дозасын таңдау кезінде назарға алу қажет:
- Күтілетін патогендер және олардың бактерияға қарсы агенттерге ықтимал сезімталдығы
- Жұқтыру ауырлығы мен орны
- Төменде көрсетілгендей пациенттің жасы, салмағы және бүйрек функциясы.
Аугментин® препаратын шығарудың баламалы түрлерін (мысалы, амоксициллиннің неғұрлым жоғары дозаларын және/немесе амоксициллиннің клавулан қышқылына әртүрлі арақатынасын қамтамасыз ететіндерді) қажетіне қарай қарастыру керек.
Ересектер мен балалар > 40 кг ересектерге арналған Аугментин® препаратының дозасымен емделуі тиіс.
500 мг/125 мг бір доза күніне үш рет қабылданады.
Ересектер мен салмағы кемінде 40 кг балалар үшін Аугментин® препаратының осы құрамы мен дәрілік түрі төмендегі ұсынымдарға сәйкес тағайындалғанда 1500 мг амоксициллин/375 мг клавулан қышқылының жалпы тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. 40 кг-ден кем балалар үшін Аугментин® препаратының осы құрамы мен дәрілік түрі төмендегі ұсынымдарға сәйкес тағайындалғанда 2400 мг амоксициллин/600 мг клавулан қышқылының ең жоғары тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. Егер амоксициллиннің ең жоғары тәуліктік дозасын қабылдау туралы шешім қабылданса, клавулан қышқылының артық жоғары тәуліктік дозасын енгізбеу үшін басқа Аугментин® препаратын таңдау ұсынылады.
Пациенттердің ерекше топтары
Салмағы 40 кг-ден кем балалар: күніне 20 мг/5 мг/кг-ден күніне 60 мг/15 мг/кг-ге дейін, үш бөлінген дозада.
˂ 40 кг балалар: балаларды суспензиялар немесе педиатриялық саше түрінде шығарылатын дәрілік түрлерімен емдеуге болады.
2 жасқа дейінгі балалар тәулігіне 40 мг/10 мг/кг жоғары дозада қабылдайтын Аугментин® 4:1 препараты құрамының дозаларына қатысты деректер жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Дозалау режимін түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Сақтықпен дозалау және бауыр функциясын үнемі бақылау (4.3 және 4.4 бөлімдерді қараңыз).
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Креатинин клиренсі (CrCl) 30 мл/мин астам пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді.
Салмағы 40 кг кем емес ересектер мен балалар
Креатинин клиренсі: 10-30 мл/мин
Күніне екі рет 500 мг/125 мг
Креатинин клиренсі 10 мл/мин кем
Күніне бір рет 500 мг/125 мг
Гемодиализ
Әрбір 24 сағат сайын 500 мг/125 мг, диализ кезінде плюс 500 мг/125 мг, диализ аяқталғаннан кейін қайталау керек (өйткені қан сарысуындағы амоксициллин мен клавулан қышқылының концентрациясы төмендейді)
Салмағы 40 кг кем балалар
Креатинин клиренсі: 10-30 мл/мин
Күніне екі рет 15 мг/3.75 мг/кг (күніне екі рет ең көбі 500 мг/125 мг).
Креатинин клиренсі 10 мл/мин кем
Бір реттік тәуліктік доза түрінде 15 мг/3.75 мг/кг (ең көбі 500 мг/125 мг).
Гемодиализ
Тәулігіне бір рет 15 мг/3.75 мг/кг.
Гемодиализге дейін 15 мг/3.75 мг/кг гемодиализден кейін айналымдағы препараттар деңгейін қалпына келтіру үшін кг-ға 15 мг/3.75 мг тағайындау керек.
Енгізу әдісі және жолы
Аугментин® препараты пероральді қолдануға арналған.
Потенциалды асқазан-ішек жақпаушылығын азайту үшін Аугментин® препаратын тамақтану кезінде қабылдау керек.
Дәрілік затты енгізер алдында қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулық:
Суспензия алғашқы қолданар алдында бірден сұйылтылады.
Қолданар алдында қақпақтың тығыздығын тексеріңіз. Ұнтақты босату үшін бөтелкені жақсылап шайқаңыз. Су қосыңыз (төменде көрсетілгендей).
Ұнтақты бөлме температурасына дейін салқындатылған 92 мл қайнаған суда ерітіп, біртіндеп шайқап, құтыдағы белгіге дейін су қосу керек. Суспензияның дайын көлемі 100 мл. Құтыны төңкеріп, толық ерігенше мұқият шайқау керек. Дайындалған суспензия — ақтан сарғыш-қоңыр түске дейін болатын суспензия; тұрып қалған кезде ақтан сарғыш-қоңыр түске дейінгі тұнба баяу түзіледі.
Құтыны әр қолданар алдында жақсылап шайқау керек.
Препаратты дәл дозалау үшін өлшегіш қасықты немесе өлшегіш шприцті пайдалану керек, оларды әрбір қолданғаннан кейін сумен жақсылап шайып тастау қажет.
Суспензияның аз көлемін, әсіресе 3 айдан кіші балаларда барынша дәл дозалау үшін стандартты бір реттік медициналық шприцті пайдалану қажет.
2 жасқа дейінгі балаларды емдеу кезінде Аугментин® препаратының дайын суспензиясын жартылай сумен сұйылтуға болады (1:1).
Сонымен қатар, ұнтақты қопсыту үшін құтыны сілкіңіз, содан соң бөтелкені заттаңбадағы сызықтың астына дейін су құйыңыз. Жабыңыз, төңкеріп, жақсылап шайқаңыз, содан кейін суды дәл сызыққа дейін қосыңыз. Жабыңыз, төңкеріп, жақсылап шайқаңыз.
Дозалануы
Қалпына келтіру кезінде қосылатын су көлемі (мл)
Қалпына келтірілген пероральді суспензияның соңғы көлемі (мл)
125 мг/ 31.25 мг/ 5 мл
92
100
Емдеу ұзақтығы
Емдеу клиникалық жағдайды қайта қарастырусыз 14 тәуліктен артық жалғаспауы тиіс.
Емнің ұзақтығы пациенттің жүргізілген емге реакциясымен анықталуы тиіс. Кейбір патологиялар (атап айтқанда, остеомиелит) ұзақ курсты қажет етуі мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.