Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – 0,5 мг дутастерид,
қосымша заттар:
Каприл/каприн қышқылының моно- және диглицеридтері Бутилгидрокситолуол
қабықтың құрамы:
Желатин
Глицерин
Титанның қостотығы Е171 (СI77891)
Темірдің сары тотығы Е172 (СI77492)
Қолданылуы
- Қуықасты бездерінің қатерсіз гиперплазиясының (ҚБҚГ) орташа және ауыр дәрежедегі симптомдарын емдеу
- Қуықасты бездерінің қатерсіз гиперплазиясының орташа және ауыр дәрежедегі симптомдары бар науқастарда несептің жедел іркілісінің (НЖІ) туындау және хирургиялық араласым қаупін төмендету.
Қарсы көрсетілімдер
- әйелдер, балалар және жасөспірімдер.
- дутастеридке, 5-альфа-редуктазаның басқа да тежегіштеріне, сояға, арахиске немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде көрсетілген кез келген басқа қосымша заттарға жоғары сезімталдық.
- бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге.
Дозасы
Аводарт препаратын өздігінен немесе α-адренорецепторларының блокаторлары тамсулозинмен (0,4 мг) біріктіріп тағайындауға болады.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді түрде қабылдауға арналған.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.