Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір суппозиторий құрамында
белсенді зат – 118.82 мг клиндамицин фосфаты (100 мг клиндамицинге баламалы),
қосымша зат: қатты май (Suppocire NAI 25A).
Қолданылуы
- бактериялық вагинозды емдеу (бұрын Haemophilus vaginitis, Gardnerella vaginitis, спецификалық емес вагинит, Corynebacterium vaginitis немесе анаэробты вагиноз деп аталған).
Қарсы көрсетілімдер
- клиндамицинге, линкомицинге немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- антибиотиктер қабылдаудан туындаған анамнездегі ішектің қабыну аурулары (Крон ауруы, спецификалық емес ойық жаралы колит), оның ішінде жалған жарғақшалы колит
- жүктілік (I триместр) және лактация кезеңі
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған)
Дозасы
Дозалану режимі
Ұсынылатын доза - 1 суппозиторийден қатарынан 3 күн бойы ұйықтар алдында қынапқа.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
16 жасқа дейінгі балаларда БАНБАКТ® препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Егде жастағы пациенттер
65 жастан асқан пациенттерде БАНБАКТ® қынаптық суппозиторийлерін пайдалану зерттелмеген.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Деректер жоқ.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде БАНБАКТ® препаратын пайдалану зерттелмеген.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.