Құрамы
Бір пастилканың құрамында
белсенді заттар: жалаң мия тамырларынан алынған қою экстракті/Glycyrrhiza Glabra/(5:1); дәрілік зімбір тамырсабақтарынан алынған қою экстракті/Zingiber Officinale/ (10:1) немесе (20:1); дәрілік эмблика жемістерінен алынған қою экстракті/Emblica Officinalis/ (4:1); ментол.
қосымша заттар: қант, сұйық глюкоза, тазартылған су, лимон қышқылы (моногидрат), Ponceau 4R бояғышы (Е124), құлпынай дәмдік қоспасы.
Қолданылуы
Құрғақ жөтелмен қатар жүретін жоғарғы тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы ауруларын симптоматикалық емдеуде:
- фарингитте
- ларингитте (оның ішінде кәсіби «дәріскерлік» ларингит)
- трахеитте
- бронхитте
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға әр 2-3 сағат сайын 1 пастилкадан тағайындалады. Пастилкаларды ауызда баяу сору керек. Ең жоғары тәуліктік доза 10 пастилканы құрайды. Емдеу курсы 5-7 күнді құрайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қолдануға арналған.
Пастилкаларды ауызда баяу сору керек.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.