Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
1 г препараттың құрамында
белсенді заттар: бетаметазон дипропионаты 0,640 мг (0,500 мг бетаметазонға баламалы), гентамицин сульфаты 1,660 мг (1,000 мг гентамицин негізіне баламалы);
қосымша заттар: хлорокрезол, натрий дигидрофосфат моногидраты, фосфор қышқылы, вазелин, вазелин майы, макрогол цетостеараты, цетостеарил спирті, натрий гидроксиді, тазартылған су.
Қолданылуы
˗ гентамицинге сезімтал микроорганизмдер туындатқан салдарлы инфекциямен асқынған жергілікті кортикостероидтық препараттарға сезімтал қабынбалы дерматоздар немесе осындай инфекциялардың қосылу мүмкіндігіне күдік болғанда
Қарсы көрсетілімдер
˗ бетаметазон дипропионатына немесе гентамицинге немесе препараттың кез келген қосымша заттарына, немесе ықтимал, басқа аминогликозидтерге және глюкокортикоидтарға аса жоғары сезімталдық
˗ жүктілік
˗ вирустық инфекциялар, оның ішінде поствакциналық инфекциялар және желшешек
˗ тері туберкулезі және мерез
˗ терінің вирустық инфекциялары (қарапайым герпес, белдемелі герпес)
˗ розацеа және розацеа-тәрізді дерматит
˗ дерматомикоздар
˗ офтальмологиялық аурулар
˗ қан сарысуында уытты концентрацияларына жету қаупіне байланысты жүйелі аминогликозидтерді қатар қолдану
˗ бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
˗ 1 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Егер өзгеше көрсетілмесе, крем ересектерде күніне бір немесе екі рет және балаларда күніне бір рет қолданылуы керек. Жағдайы жақсарған кезде [зақымдану ошағы] препаратты қолдану жиілігі төмендеуі мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.