Құрамы
1 г жақпамай құрамында
белсенді зат – 200 мг бензилбензоат,
қосымша заттар: полисорбат-80, карбомер, натрий гидроксиді, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, бронопол, тазартылған су.
Қолданылуы
Қышыма.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қандай да бір қосымша затқа аса жоғары сезімталдық
- жүктілік, лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер және балалар
Дозасы
Қышыманы емдеу кезінде жақпамайды тәулігіне 1 рет жуынғаннан кейін бет пен бастың шашты бөлігін қоспағанда, тері жабынына түнге қарай жағады. Жақпамай қолмен жағылады, қолды таңға дейін жумайды (қолды жуған жағдайда жақпамаймен қайта өңдеу керек). 4-ші күні жақпамайды қайталап жағады. 5-ші күні жуыну, іш киімді және төсек-орынды ауыстыру тағайындалады. Бір жағуға 30-40 г жақпамай, емдеу курсына – 60-80 г жақпамай кетеді.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа қолдануға арналған.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.