Құрамы
Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында
белсенді заттар: ипратропий бромиді моногидраты 26,1 мг
(сусыз ипратропий бромидіне баламалы 25.0 мг),
фенотерол гидробромиді 50,0 мг,
қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты дигидраты, натрий хлориді, концентрацияланған хлорсутек қышқылы, тазартылған су.
Қолданылуы
Тыныс жолдарының созылмалы обструкциялық ауруларында тыныстың
тарылуын емдеу және профилактикасы үшін:
аллергиялық және аллергиялық емес (эндогендік) бронх демікпесі, дене жүктемесінен болатын бронх демікпесі, эмфиземамен және онсыз созылмалы обструкциялық бронхит
Ескертпе:
Ұзаққа созылатын дәрі-дәрмекпен ем қажет болса, ол үнемі қабынуға қарсы еммен қатар жүргізілуі тиіс.
Қарсы көрсетілімдер
фенотерол гидробромидіне және ипратропий бромидіне, атропин тәрізді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия және тахиаритмия
Дозасы
Бұл препаратты әрдайым дәрігердің тағайындауы бойынша пайдаланыңыз. Егер сенімді болмасаңыз, дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.