Құрамы
1 суппозиторийдің құрамында
белсенді зат – бисакодил, 10 мг,
қосымша заттар: қатты май салмағы 1,25 г суппозиторийді алғанға дейін.
Қолданылуы
Дәрілік препарат ересектер мен 10 жастан асқан балаларда қолдануға көрсетілген:
гипотониялық және атониялық іш қатуда (оның ішінде егде жастағы адамдарда, операциядан және босанудан кейінгі іш қатуда)
нәжісті реттеуде (геморрой, проктит, анус сызаты)
хирургиялық операцияларға, аспаптық және рентгенологиялық зерттеулерге дайындықта
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
ішек бітелісі, спазмдық іш қату
қысылған жарық, құрсақ қуысы ағзаларының жедел қабыну аурулары, перитонит
асқазан-ішек жолынан қан кету, метроррагия
цистит
жедел геморрой, жедел проктит
10 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға – күніне 1-2 суппозиторийден.
10-14 жастағы балаларға - күніне 1 суппозиторийден.
Жүйелі қабылдау ұсынылмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ректальді, қолданар алдында суппозиторийді пішінді ұяшықты қаптамадан босатады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу қалыпты ішек перистальтикасын қалпына келтіргеннен кейін тоқтатылады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.