Құрамы
1 мл концентраттың құрамында
белсенді заттар: сульфаметоксазол 80,00 мг, триметоприм 16,00 мг
қосымша заттар: пропиленгликоль, этанол 96%, натрий гидроксиді, этаноламин, натрий гидроксиді 10% ерітіндісі, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
Бисептол 480 төменде келтірілген, ко-тримоксазолға сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық ауруларды емдеу үшін қолданылады:
Несеп шығару жолдарының асқынбаған ауыр инфекцияларында. Несеп шығару жолдарының асқынбаған инфекцияларының бастапқы көріністерін, инфузияға арналған ерітінді түріндегі ко-тримоксазол сияқты біріктірілген препаратты емес, бактерияға қарсы тиімді монопрепаратты қолданып емдеу ұсынылады.
Pneumocystis jirovecii (ағылш. Pneumocystis jirovecii pneumonitis– PJP) туғызған пневмонияны емдеу және профилактикасы үшін
Токсоплазмозды емдеу және профилактикасы үшін.
Нокардиозды емдеу.
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат түріндегі ко-тримоксазолды қолдану үшін көрсетілімдер негізінен, пероральді түрі үшін көрсетілімдері сияқты.
Бактерияға қарсы дәрілік препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды ескеру керек .
Қарсы көрсетілімдер
препараттың белсенді заттарына, сульфаниламидтерге, триметопримге, ко-тримоксазолға немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық
қан аурулары (аплазиялық анемия, В12-тапшылықты анемия, агранулоцитоз, лейкопения)
ауыр гематологиялық бұзылулар
бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
бауыр аурулары
глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
маскүнемдіктен зардап шегіп жүрген пациенттерде және эпилепсиясы бар пациенттерде қолдану (құрамында этанол болғандықтан)
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге (құрамында этанол болғандықтан)
жүктілік және емшек емізу кезеңі
Дозасы
Ересектер
Стандартты дозасы: әр 12 сағат сайын 2 ампула (10 мл).
Өте ауыр инфекцияларды емдеу кезінде дозаны 50%-ға арттыруға болады.
Емдеуді ауру симптомдары жойылғаннан кейін тағы екі күн бойы жүргізу керек, көпшілік жағдайларда кемінде бес күн бойы жүргізген дұрыс.
Дозалау режиміне қатысты арнайы ұсынымдар
(Егер басқаша келісілмесе, әдеттегі дозасын қолдану керек).
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Препараттың дозасын креатинин клиренсіне байланысты өзгерту керек.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.