Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 8 мг бромгексин гидрохлориді,
қосымша заттар: жүгері крахмалы, лактоза моногидраты, магний стеараты, желатин, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы
қабықтың құрамы: сахароза, кальций карбонаты, жеңіл магний карбонаты, тальк, макрогол 6000, глюкоза шәрбаты (құрғақ затқа шаққанда), титанның қостотығы (Е 171), повидон К25, карнауб балауызы, хинолинді сары (Е 104).
Сыртқы түрінің, иісінің және дәмінің сипаттамасы
Екі беті сәл дөңес, ақ дерлік түсті ядросы бар, сары түстен жасыл-сары түске дейінгі қабықпен қапталған таблеткалар.
Қарсы көрсетілімдер
бромгексинге немесе препараттың кез келген компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
галактоза немесе фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы, сахараза-изомальтазаның тұқым қуалайтын жеткіліксіздігі
лактация кезеңі
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Ересектер Бромгексин 8 Берлин-Хеми 1-2 таблеткасын күніне 3 рет қабылдайды (бұл күніне 24-48 мг бромгексин гидрохлоридіне сәйкес).
Дене салмағы 50 кг-ден төмен пациенттер Бромгексин 8 Берлин-Хеми 1 таблеткасын күніне 3 рет қабылдайды (бұл күніне 24 мг бромгексин гидрохлоридіне сәйкес).
Бромгексин 8 Берлин-Хемиді бауыр функциясының бұзылуы немесе күрделі бүйрек аурулары кезінде қолдану айрықша сақ болуды қажет етеді (бромгексинді аз дозада немесе ұзағырақ аралықпен қолдану керек).
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Қабықпен қапталған таблеткалар тамақтанудан кейін, көп мөлшердегі сұйықтықпен (мысалы, бір стақан су) қабылданады.
Емдеу ұзақтығы аурудың көрсетілімдері мен ағымына сәйкес жекелей анықталады. Бромгексин 8 Берлин Хемиді дәрігермен кеңеспей 4-5 күннен артық қабылдауға болмайды.