Құрамы
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат – бромгексин гидрохлориді 8 мг,
қосымша заттар: сахароза, лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы, картоп крахмалы.
Қолданылуы
Қиын бөлініп шығатын қақырықпен қатар жүретін жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларының секретолитикалық емі.
Қарсы көрсетілімдер
- бромгексинге және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық;
- лактаза тапшылығы, галактоза немесе фруктозаны көтере алмау, глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы, сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі;
- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы (өршу сатысында);
- лактация кезеңі;
- 6 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға тәулігіне 3 рет 1-2 таблеткадан (8-16 мг) тағайындайды.
Ересектер мен 6-14 жастағы балаларға, сондай-ақ дене салмағы 50 кг аз адамдарда тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан (8 мг).
Емдік әсері емнің 4-6 күні байқалуы мүмкін. Бүйрек жеткіліксіздігі немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерге аз дозалар тағайындайды немесе қабылдаулар арасындағы аралықты арттырады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.