Құрамы
Бір ампуланың ішінде
белсенді заттар:
Cartilago suis D6
2.0 мг
Coenzym A D8
2.0 мг
Embryo totalis suis D6
2.0 мг
Funiculus umbilicalis suis D6
2.0 мг
Nadidum D8
2.0 мг
Placenta totalis suis D6
2.0 мг
Sanguinaria canadensis D4
3.0 мг
Solanum dulcamara D3
10.0 мг
Symphytum officinale D6
10.0 мг
Acidum thiocticum D8
2.0 мг
Arnica montana D4
200.0 мг
Natrium diethyloxalaceticum D8
2.0 мг
Rhus toxicodendron D2
10.0 мг
Sulfur D6
3.6 мг
қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Цель® ересектерде, 12 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерде мыналарда қолдануға арналған,
- артроз
- остеоартрит
- буындардың ревматизмдік ауруы
Дозасы
Егер басқаша көрсетілмесе, ересектер мен 12 жастан асқан балаларға аптасына екі рет бір ампуладан, үлкен буындар жағдайында - екі ампуладан тері астына, бұлшықет ішіне, буын ішіне немесе вена ішіне енгізеді.
Енгізу әдісі мен жолы
Цель® инъекцияға арналған ерітіндісі тері астына, бұлшықет ішіне, буын ішіне және вена ішіне енгізілуі мүмкін.
Шыны ампуланы ашу жөніндегі нұсқаулық:
Абайлап ұстаңыз. Ампуланы ашуға арналған нұсқауларды мұқият орындаңыз.
Ампуланы ашу үшін оны кесудің қажеті жоқ. Ампуланы бұрыштап ұстап, нүкте түріндегі таңбасын жоғары қаратып, сұйықтық төменгі бөлігіне түскенше сілку немесе тырсылдату керек. Таңбаға қарама-қарсы жаққа басу арқылы ампуланың басын сындырыңыз.
Емдеу ұзақтығы
Жедел жағдай кезінде бастапқы доза бірнеше күн, әдетте 2-ден 3 күнге дейін (күнделікті инъекция) қолданылуы мүмкін.
Одан әрі буындардың жағдайын айтарлықтай жақсарту үшін, Цель® препаратын стандартты дозада 1-2 ай бойы пайдалану керек.