Артқа
ЦЕТИРИЗИН 10мг №10 таб Вива Фарм

ЦЕТИРИЗИН 10мг №10 таб Вива Фарм

910 ₸ бастап

Себеттегі баға өзгеруі мүмкін

Цетиризин

Appteka сервисі

45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз

Сипаттамалары

  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО ВИВА ФАРМ

Балама тауарлар

Нұсқаулық

Құрамы

Бір қабықпен қапталған таблетканың құрамында: белсенді зат - 10 мг цетиризин дигидрохлориді, қосымша заттар: повидон, лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, магний стеараты, қабықтың құрамы: ГПМЦ/гипромеллоза 5 mPas, ГПМЦ/гипромелоза 15 mPas, макрогол/ПЭГ 4000, макрогол/ПЭГ 6000, титанның қостотығы (Е171).

Қолданылуы

Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға: маусымдық және жыл бойғы аллергиялық риниттің мұрын және көз симптомдарын жеңілдету созылмалы идиопатиялық есекжем симптомдарын жеңілдету

Қарсы көрсетілімдер

әсер ететін затқа немесе пиперазиннің басқа туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы және ШСЖ (шумақтық сүзілу жылдамдығы) 15 мл/мин төмен пациенттер тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар асфиксия қаупіне байланысты 6 жасқа дейінгі балалар (таблетка түріндегі препарат үшін)

Дозасы

Ересектер Тәулігіне 1 рет 10 мг (1 таблетка). Пациенттердің ерекше топтары 12 жастан асқан балалар Тәулігіне 1 рет 10 мг (1 таблетка). 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар Тәулігіне 2 рет (таңертең және кешке) 5 мг (½ таблетка). Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясы бұзылмаған жағдайда дозаны төмендетудің қажеті жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны түзету талап етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозалау бүйрек функциясына байланысты жекелей болуы керек. Төменде келтірілген кестеде дозаның қажетті өзгерістері көрсетілген. Бұл кестені пайдалану үшін пациентте креатинин клиренсін (КК) мл/мин бағалау керек. Ерлер үшін КК (мл/мин) мынадай формула бойынша анықталған, креатинин сарысуымен (мг/дл) бағалануы мүмкін: (140 – жасы [жыл] × салмағы [кг]) KK = ------------------------------------------------- 72 × сарысу креатинині (мг/дл) Әйелдер үшін КК-дан алынған мәнді жоғарыдағы формула бойынша 0,85 коэффициентіне көбейту арқылы есептеуге болады. Бүйрек функциясы бұзылған ересек пациенттер үшін дозаны түзету Сатысы Креатининнің шығарылуы (мл/мин) Дозалау және қолдану жиілігі Қалыпты ≥90 10 мг күніне 1 рет Әлсіз 60 - < 90 10 мг күніне 1 рет Орташа 30 - < 60 5 мг күніне 1 рет Ауыр 15- < 30 диализді қажет етпейтін пациенттер 5 мг күнара (2 күнде бір рет) Терминалдық бүйрек жеткіліксіздігі бар диализдегі пациенттер ˂15 диализді қажет ететін пациенттер Препаратты қолдануға болмайды Бүйрек жеткіліксіздігі бар балалар үшін дозаны креатинин клиренсін, пациенттің жасын және дене салмағын ескере отырып, жеке таңдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.