Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
2 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат: меглюмин акридонацетаты (акридонсірке қышқылына шаққанда) 250.0 мг, келесі жазба бойынша алынған: акридонсірке қышқылы 250.0 мг, N-метилглюкамин (меглюмин) 192.6 мг,
қосымша зат: инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Ересектерде кешенді емдеуде
– герпестік және цитомегаловирустық инфекцияларда
– созылмалы бактериялық және зеңдік инфекциялармен астасқан салдарлы иммун тапшылығы
– хламидия инфекциясы
4 жастан асқан балаларда кешенді емде
– герпестік инфекция
Қарсы көрсетілімдер
– әсер етуші затқа және қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
– жүктілік және бала емізу кезеңі
– 4 жасқа дейінгі балалар
– декомпенсация сатысындағы бауыр циррозы
Дозасы
Ересектерде
– Герпестік және цитомегаловирустық инфекцияларда кезінде емдеу курсы 250 мг-ден препараттың 10 инъекциясынан тұрады, инъекциялар аралығы 48 сағат (күнара). Бір реттік доза – 250 мг (1 ампула), курстық доза – 2,5 г құрайды. Емдеу аурудың басында едәуір тиімдірек.
– Созылмалы бактериялық және зеңдік инфекциялармен астасқан салдарлы иммун тапшылығы кезінде емдеу курсы 48 сағат (күнара) инъекциялар аралығымен 250 мг препараттың 10 бұлшықетішілік инъекциясынан тұрады. Бір реттік доза – 250 мг (1 ампула), курстық доза -2,5 г құрайды. Қайталанатын курс 6–12 айдан кейін жүргізіледі.
– Хламидия инфекциясы кезінде емдеу курсы 48 сағат (күнара) инъекциялар аралығымен 250 мг-ден препараттың 10 инъекциясынан тұрады. Бір реттік доза – 250 мг (1 ампула), курстық доза – 2,5 г құрайды. Емдеудің қайталанған курсы 10–14 күннен кейін жүргізіледі. ЦИКЛОФЕРОН препаратын антибиотиктермен біріктірген жөн.
4 жастан бастап балаларда
Бір реттік доза дене салмағының 1 кг-на 6–10 мг құрайды.
– Герпестік инфекция кезінде емдеу курсы препараттың 10 инъекциясынан тұрады, инъекция аралығы 48 сағат (күнара). Вирустың репликациялық белсенділігі сақталған кезде, емдеу демеуші схема бойынша жалғасады: препаратты төрт апта бойы үш күнде бір рет енгізу.
Енгізу әдісі және жолы
Вена ішіне немесе бұлшықет ішіне.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.