Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар: тимоген® натрий 0.5 мг, аскорбин қышқылы 50 мг, бендазол гидрохлориді (дибазол) 20 мг,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, кальций стеараты,
капсула қабығының құрамы: азорубин бояғыш (E122), күн батар түстес сары бояғыш (E110), титанның қостотығы (E171), желатин.
Дозасы
Емдеу үшін: бір капсуладан күніне 3 рет - 4 күн.
Профилактика үшін:
- тұмаумен және басқа да ЖРВИ-мен ауыратын науқаспен тікелей байланыста болғанда күніне 3 рет бір капсуладан - 4 күн.
- тұмаумен және басқа да ЖРВИ-мен ауыру жағдайының эпидемиялық көтерілуі кезеңінде бір капсуладан күніне 1 рет - 12 күн.
Енгізу жолы және тәсілі
Ішке, тамақтанудан 30 минут бұрын.
Бір реттік доза - 1 капсула.
Емдеу ұзақтығы
Қолдану курсы 4 күн.
Қажет болса, профилактикалық курстар 3 аптадан соң қайталанады (эпидемиялық жағдай қалыпқа келгенге дейін).