Құрамы
Бір таблетканың құрамында:
белсенді заттар: ацетилсалицил қышқылы – 220.0 мг, парацетамол - 200.0 мг, кофеин - 27.0 мг;
қосымша заттар: какао-ұнтақ, лимон қышқылы моногидраты, картоп крахмалы, тальк, стеарин қышқылы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.
Қолданылуы
- шығу тегі әр түрлі бас ауыруында
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
- өршу фазасындағы АІЖ эрозиялық-ойық жаралы зақымданулары
- асқазан-ішектен қан кетулер
- «аспирин» демікпесі және «аспирин» үштігі
- геморрагиялық диатездер (Виллебранд ауруында, тромбоцитопениялық пурпурада, телеангиоэктазияда), гипопротромбинемия, гемофилия
- қолқаның қатпарланған аневризмасы
- портальді гипертензия
- К дәруменінің тапшылығ
- метотрексатты аптасына 15 мг және одан көп дозада қабылдау
- бүйрек және бауыр қызметінің жеткіліксіздігі
Дозасы
Ересектер мен 15 жастан үлкен балаларға күніне 2–3 рет 1 таблетка дозасында тағайындайды. Препаратты қабылдау аралықтарындағы үзілістер кемінде 6–8 сағатты құрауы тиіс. Ең жоғарғы бір реттік дозасы – 2 таблетка, ең жоғарғы тәулікті дозасы – 4 таблетка.
Ыстықты түсіретін дәрі ретінде дене температурасы 38,5°С-ден асқанда (анамнезінде фебрильдік құрысулары бар пациенттерде температура 37,5°С-ден асқанда) 1–2 таблетка дозасында тағайындайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке, дұрысы тамақтану аралықтарында немесе тамақтан кейін бірден қолданылады.
Емдеу ұзақтығы
Ауыруды басатын дәрі ретіндегі қолдану ұзақтығы 5 күннен, ыстықты түсіретін дәрі ретінде – 3 күннен аспауы тиіс.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.