Құрамы
Құрамы
Бір мл ерітіндінің құрамында
белсенді заттар: дексаметазон натрий фосфаты 1 мг,
гентамицин сульфаты 5 мг,
қосымша заттар - бензалконий хлориді, натрий хлориді, калий дигидрофосфаты, калий гидрофосфаты, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- гентамицинге сезімтал бактериялық штаммдардан туындаған қатар жүретін инфекциялық аурулармен бірге, немесе бактериялық инфекциялардың даму қаупі бар көздің алдыңғы сегментінің қабынуында
- бактериялық асқын инфекциямен қатар жүретін көздің алдыңғы сегментінің аллергиялық қабынуында
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді заттарына немесе қосымша компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- эпителий герпестік кератиті және көздің басқа да вирустық аурулары
- мөлдір қабықтың жарақаттық немесе ойық-жаралы зақымданулары
- жабық- немесе ашықбұрышты глаукома
- көз туберкулезі
- көздің тек бактериялық немесе зеңдік инфекциялары
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары
1 тамшы препараттан зақымданған көздің конъюнктивальді қалтасына тәулігіне 4-6 рет тамызады.
Әдетте емдеу ұзақтығы 2 аптадан аспайды. Клиникалық көрінісіне қарай жалғастырудың мақсатқа лайықтылығын анықтау немесе емді ауыстыру үшін емдеудің тиімділігін мезгіл-мезгіл бақылап отыру керек.
Көзге тамызатын дәріні тамызғанда тамшылатқыштың ұшын көзге немесе теріге тигізбеуге тырысу керек.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.