Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында
белсенді зат - құрамында 900 мг (90 %) диосмин және 100 мг (10%) гесперидин түріндегі флавоноидтар бар тазартылған микрондалған** флавоноидты фракция
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, желатин, натрий карбоксиметилкрахмалы (А типі), тальк, магний стеараты, тазартылған су,
үлбірлі қабықтың құрамы: натрий лаурилсульфаты, қызғылт сары-қызғылт қоспа OY-S-8761, құрамында: глицерин, гипромеллоза, макрогол 6000, магний стеараты, темірдің қызыл тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172).
таблеткаларды жылтыратуға арналған толтырғыш - макрогол 6000.
Қолданылуы
Детралекс ересектердегі созылмалы веналар ауруларының симптомдарын емдеу үшін (симптомдарды жою және жеңілдету) қолдануға арналған.
Вена-лимфалық жеткіліксіздік симптомдарын емдеу:
ауырсыну;
аяқтың құрысуы;
аяқтағы ауырлық пен кернеу сезімі;
аяқтың "шаршауы".
Вена-лимфалық жеткіліксіздік көріністеулерін емдеу:
аяқтың ісінуі;
тері мен тері асты тіндерінің трофикалық өзгерістері;
веналық трофикалық ойық жаралар.
Жедел және созылмалы геморройды симптоматикалық емдеу.
Дозасы
Веналық-лимфалық жеткіліксіздік кезінде ұсынылатын доза – тәулігіне 1 таблетка, таңғы тамақтану кезінде қабылдаған дұрыс.
Таблеткадағы сызық тек жұтуды жеңілдету мақсатында бөлуге арналған.
Жедел геморрой кезінде ұсынылатын доза – тәулігіне 3 таблетка (1 таблеткадан таңертең, түсте және кешке) 4 күн бойы, одан кейін тәулігіне 2 таблеткадан (1 таблеткадан таңертең және кешке) келесі 3 күн бойы.
Созылмалы геморрой кезінде ұсынылатын доза - тамақ ішу кезінде тәулігіне 1 таблетка.
Емдеу курсының ұзақтығы емдеуші дәрігермен анықталады.
Орташа емдеу ұзақтығы 2-3 айды құрайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді қабылдау. Таблеткаларды тамақтану кезінде бүтіндей жұту және сумен ішу керек.